Есту қабілеті бұзылған алматылықтарға сурдологиялық көмек көрсету аясы кеңейді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда есту қабілеті бұзылған тұрғындарға сурдологиялық көмек көрсету аясы кеңейді. Бұл туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тең мүмкіндіктер бөлімінің басшысы Аманат Сұлтанғазиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, Қазақстандағы алғашқы «Ten Qogam» орталығы Алматыда 2020 жылдың мамыр айында ашылды. Жыл басынан бері орталықта мүгедектігі бар 1 768 адамға қызмет көрсетілді.

Ал, биыл мегаполисте тағы бір орталық ашу туралы шешім қабылданды.

«Орталық есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған. Ол сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Мұнда ересектер де, балалар да көмек ала алады. Жыл басынан бері мүгедектігі бар 23 мың алматылық техникалық оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілді. Жеке оңалту бағдарламасын 85%-ға дейін орындау жоспарланып отыр», - деді Аманат Сұлтанғазиев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде.

Айтуынша, сурдологиялық көмекке мұқтаж 1 282 адамның 970-і қамтамасыз етілген. Ымдау тілі маманының қызметтерін есту қабілеті бұзылған 760 адам пайдаланады.


Соңғы жаңалықтар