Эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Әнім саған, Түркістан» концерті өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында «Түркістанды бірге түлетейік» жобасы аясында эстрада жұлдыздары Әйгерім Қалаубаева мен Индира Елеместің «Әнім саған, Түркістан!» концерттік бағдарламасы өтті. Облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырған шарада осы өңірден шыққан қос әнші халық жүрегінен орын алған әндерін шырқап, көрерменнің қошеметіне бөленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын негізге ала отырып, еліміздің мәдени, рухани, тарихи дамуына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған ән кешін төрт мыңға жуық тұрғын тамашалады. Өнер жұлдыздары концерт барысында Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрдәулет Исабек туған жердің халқына айрықша көңіл-күй сыйлап, әсем әндерімен баураған эстрада әншілеріне облыс әкімі және Түркістан халқы атынан алғыс айтты. Екі әншіге де естелік сыйлықтар табыстады. Өз кезегінде Әйгерім Қалаубаева да киелі шаһар жұртшылығына жылы лебізін білдірді.
null

«Жеке шығармашылығымызға арналған концерттік бағдарламаны ең алғаш киелі де қасиетті Түркістан облысынан бастадық. Облыстың аудан, қалаларында өткен кешіміз рухани астанада қорытындыланды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығы мен Түркістанның облыс орталығы атануына осы өңірден бойымызда бүр жарған өнер тартуы арқылы үлес қосқанымызға қуаныштымыз. Киелі Түркістан түрлене берсін!»,-деді Әйгерім Қалаубаева.

Ән кешін жүргізген танымал әнші әрі сазгер Арман Дүйсенов те туған жерді түлетуге өз үлесін қосу - әншілердің парызы екенін ерекше атап өтті.

«Түркістан қаласы - қаншама тұлғаларды түлеткен киелі өңір. Қаншама өнер иелерінің мекен саналады. Менің де еңбек жолымның басым бөлігі Түркістанда өтті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде алты жыл еңбек етсем, Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрында да Райымбек ағадан тәлім алып, 56 қойылымның музыкасына үлес қостым. Бұл жұмыстар - мен үшін мақтаныш. Түркістанға қанша еңбек сіңірсек те артықтық етпейді»,-деді сазгер Арман Дүйсенов.
null

Айта кетейік, Түркістан облысынан шыққан өнер жұлдыздарының «ТҮРКІСТАНДЫ БІРГЕ ТҮЛЕТЕЙІК» қайырымдылық концерті сәуір - желтоқсан аралығында Түркістан қаласында өтіп жатыр. Аталған шара жергілікті халық пен қала қонақтарының, сонымен қатар аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың бос демалыс уақытын тиімді пайдалануға үлес қосу болып табылады. Еліміздің рухани және мәдени астанасы саналатын Түркістан қаласының мәдени тұрғыда өсіп-өркендеуіне де бірден-бір септігін тигізері анық.

null null null null null null

Соңғы жаңалықтар