Эстонияның теңіз академиясы Қазақстан студенттерін оқытуға дайын

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Эстония көлік және көлік-транзитінің әлеуетін арттыру, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы әріптестік байланысты нығайтуға мүдделі. Бұл туралы ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эстония мемлекетінің Экономика және коммуникациялар министрлігінің вице-канцлері Каупо Ляанерандтың елімізге ресми іссапары аясында Қазақстан-Эстония жұмыс тобының екінші отырысы өткізіліп, екі елдің арасындағы көлік және көлік-транзитінің әлеуетін арттыру, сондай-ақ ақпараттық техно

Екі елдің ресми өкілдері Қазақстан мен Эстонияның көлік-транзиті бағытындағы ынтымақтастығын арттыруда теміржол тасымалының маңызы зор екенін атап өтті.

Бұл ретте Балтық жағалауынан келген делегаттар Эстонияның теңіз академиясы Қазақстанның студенттерін оқытуға дайын екендерін жеткізді. Екі елдің көлік жүйелері мен желілеріне, сондай-ақ осы саланы реттеуге байланысты тың ақпараттар айтылды.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Эстония аумағы арқылы Азиядан Еуропаға халықаралық көлік дәлізін дамыту, оның экономикалық пайдасы және бұл бағыттың жүктерді жеткізудегі уақыт тиімділігі мен тауар айналымы тұрғысынан басқа балама жолдармен салыстырғанда көп артықшылығы бар екені аталып өтті.


Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі




Соңғы жаңалықтар