Эстонияда маймыл шешегі анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Эстонияның Денсаулық сақтау министрлігі елде маймыл шешегін жұқтырған алғашқы жағдайдың тіркелгендігін растады.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, науқас ауруды шетелде жүргенде жұқтырған, ол Эстонияда ешкіммен жақын қарым-қатынаста болмаған.

Науқаста маймыл шешегіне тән белгілер байқалған. Індетті жұқтырған орта жастағы ер адам.


Соңғы жаңалықтар