Эстония СҚО кәсіпкерлерімен бірлескен жобаларға мүдделі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгiн Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерiк Сұлтанов Эстония Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Яан Рейнхольдпен кездестi. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiнiң кеңесшiсi Әнуар Құржықаев, елшiнiң экономика мәселелерi бойынша кеңесшiсi Кальви Ноормяги мен елшiнiң логистика мәселелерi бойынша кеңесшiсi Эркки Вейсманн қатысты.

Ерiк Сұлтанов облыс аграрлы аймақ екенiн атап өттi. Өңiр шағын аумағына қарамастан республикалық астықтың үштен бiр бөлiгiн жинайды. Облыста ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеуге ерекше көңiл бөлiнедi.

«Бүгiнде ауыл шаруашылығына көптеген кәсiпкерлердi тартуға болады. Тағы бiр әлеуеттi сала - машина жасау саласы. Бизнестi жүргізуге бізде барлық жағдайлар жасалған. Қазiр бiз шетел компанияларымен бiрлескен 10-нан астам жобаны жүзеге асыруды бастаймыз.  Бiздiң кездесуiмiз Эстония елiмен ынтымақтастығымызды дамытудың бастауы болатынына үмiттенемiн. Бiздiң елдерiмiздiң кәсiпкерлерi арасында байланыстарды дамыту үшiн бизнес-форум өткiзуге дайынбыз», - деп атап көрсетті. Ерiк Сұлтанов.

Яан Рейнхольд өз кезегiнде облысқа нақты ұсыныстармен келгенін атап өтті.

«Эстонияда бидайды экспорттауға арналған заманауи көлiктiк орталықтар бар. Екiншiден, сүт өндiру бойынша агроқұрылымдық кешен құру. Бiздiң табиғи-климаттық жағдайларымыз ұқсас, бұндай кәсiпорындарды құруда тәжiрибемiз, технологияларымыз бар», - дедi Эстония Республикасының Елшiсi.

Сондай-ақ, iскерлiк сапар барысында делегация «ҚАЗТЕХМАШ» зауытында, «Сұлтан кондитерлiк өнiмдерi» АҚ-да, «Петерфельд-Агро» ЖШС-да және «Даму» кәсiпкерлерге қызмет көрсету» аймақтық қорында болды.

 

Соңғы жаңалықтар