Эстония интернет арқылы сайлау өткізуден рекорд орнатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге интернет арқылы дауыс берудің жалпыұлттық жүйесін жасаған алғашқы ел ретінде танылған Эстониядағы парламент сайлауында жеке компьютер арқылы дауыс бергендер 25 пайыздан асып, рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Эстония республикалық сайлау комиссиясының деректеріне қарағанда, парламент сайлауына интернет арқылы алдын ала дауыс бергендер саны 247 мың 232 болған. Ал жалпы сайлаушылардың саны 900 мың шамасында.

Дәстүрлі сайлау 3 наурыз күні өтеді.

Эстония азаматтары кез келген компьютерден дауыс бере алады. Ол үшін арнайы чип орнатылған куәлік немесе Mobiil-ID виртуалдық цифрлық куәлігі және арнаулы бағдарламалық жасақтама болса жеткілікті.

Айта кетейік, интернет арқылы дауыс беру тәжірибесін Эстония әлемде алғаш рет 2005 жылы енгізген.

Соңғы жаңалықтар