Ессіз флешмоб: Адамдар қозғалып келе жатқан көліктен секіріп, билеп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде Kiki Challenge флешмобына қатысты пікір білдірді. Оның қатысушылары жүріп бара жатқан көліктен секіріп түсіп, өздерінің би өнерлерін көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жағдайда жүргізуші тарапынан жол жүру ережесінің бірқатар бұзушылықтары қарастырылады. Ережеге сәйкес, көлік құралының өздігінен жүруін тоқтатпайынша, жүргізуші көліктен түспеуі тиіс. Сонымен қатар, автокөлік толықтай тоқтағаннан кейін ғана жүргізуші жолаушыларды түсіру мен отырғызу іс-қимылдарын жасауы керек. Көлік есіктері жабық күйінде ғана қозғалуы қажет, сондай-ақ тек тоқтаған жағдайда есіктері ашылады», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина-Костерева.

Осы орайда комитет өкілі ережені бұзғандар жолға шыққан өзге де адамдарға қатер тудыратынын атап өтті.

Қазақстанда Kiki Challenge флешмобы қарқын алып келеді. Оның қатысушылары жүріп бара жатқан көлік салонынан секіріп түсіп, билеуге кіріседі. Кейіннен осы видеоны Instagram желісіне салуды әдетке айналдырып барады.

Как Вам? 👍👍👍 _ @kazakhstan_challenge ❤️❤️❤️

Публикация от 🇰🇿 Самые топовые видео казнета (@kazakhstan_challenge)

Соңғы жаңалықтар