Ескірткі саудасына қатысы бар 108 күдікті іздеуде жүр - ІІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде синтетикалық есірткіге сараптама жасау әдістемесі ескірген. Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осындай проблема көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда алғашқы синтетикалық есірткілер шамамен 10 жыл бұрын пайда болды. Ал зерттеу құралдары мен әдістемесі ескі күйде. Қазіргі таңда «синтетиканың» күн сайын

жаңа түрлері шығып жатыр. Кейінгі 4 жылда тәркіленген «синтетика» көлемі 100 есе өсті.

Мұндай есірткінің сот сараптамасы күрделі санатқа жатады. Оны өткізуге 1 ай немесе одан да көп уақыт кетеді», - деді Марат Ахметжанов.

Оның сөзінше, бұл тергеу сапасына кері әсерін тигізеді.

«Күдіктілерге қарсы «жазаның бұлтартпастық» принципі сақталмай келеді. Мысалы, сарапшының қорытындысы шықпай, «қамаққа алу» шарасын қолдану мүмкін емес. Осының кесірінен, бүгін 108 қылмыскерге іздеу жарияланды.

Сондықтан сот сараптамасы органдарын заманауи және сапалы құралдармен жабдықтау көделіп отыр», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар