Ескірген киімін жаңалай алмай жүрген қазақстандықтар үлесі өскен- сауалнама

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде табысының мардымсыздығынан күн аралатып балық, ет, тауық еті бар ыстық тамақ іше алмай жүргендердің үлесі 7%-дан 7,9%-ға дейін өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросы жүргізген сауалнама қорытындысына қарағанда, 2021 жылы қаражаттың жетіспеуінен жиһазын жаңалай алмай жүргендердің үлесі 27,4%-дан 20,3%-ға дейін азайған.

Ал қалтаның таяздығынан қысқы және жазғы аяқ киімнің қос жұбын сатып ала алмайтындардың үлесі 15,3%-дан 11,3%-ға дейін азайған. Айына кем дегенде бір рет достарымен, туыстарымен дастархан басына жиналу мүмкіндігі жоқ адамдардың үлесі 8,4%-дан 6,3%-ға кеміген көрінеді.

Дей тұрғанмен табысының мардымсыздығынан күн аралатып балық, ет, тауық еті бар ыстық тамақ іше алмай жүргендердің үлесі 7%-дан 7,9%-ға дейін өскен. Ал тозығы жеткен киімін жаңалай алмай жүргендердің үлесі 5%-дан 5,2%-ға жеткен.

«Материалдық тапшылық көріп жүргендердің үлесі ауылдан қарағанда қалада басым. Қалалықтардың 20,9%-ы үйдегі жиһазын жаңалай алмай жүргенін айтса, ауылда бұл көрсеткіш –19,4%. Қысқы және жазғы аяқ киімнің қос жұбын кие алмай жүрген қалалықтардың үлесі 11,7% болса, ауылдықтардың үлесі – 10,7%. Қалалықтардың 5,6%-ы ескірген аяқ киімі мен киімін жаңалай алмай жүрсе, ауылдықтардың үлесі –4,7%», - деп жазады Ranking.kz.

Бұған дейін гаджеттер дәуірінің үстемдігіне қарамастан, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 99,9 пайызында үйінде теледидар бар екенін айтқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар