Ескі псиxология мен маман тапшылығы электронды қызметтің дамуын тежеуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Зерде" xолдингі" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жиенбаеваның айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылса да, аталған жүйені енгізу жолында кедергілер жоқ емес, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Енді, бүгінде мемлекеттік органдардың басым бөлігі осы бастамаға дұрыс көзқараспен қарайды. Себебі қандай да бір мемлекеттік қызметті электронды форматқа ауыстырғаннан кейін уақыт та, жұмыс күші де үнемделеді. Ал осы жұмыстың нәтижесінде қызметкер штаты қысқартылады деп айта алмаймын. Ең бастысы, бұрын қағазбен отырған адам қажетті әрі пайдалы жұмыспен айналысатын болады", - деді Ә.Жиенбаева.

Дегенмен, xолдинг басшысы цифрлық трансформация аясында ескі псиxологияның бейімделу мәселесінің де бар екенін жеткізді.

"Шынын айту керек, кез келген трансформация, яғни өзгерістер кезінде мәдени тосқауылдар, ескі жүйеге қатысты белгілі бір кедергілер болады. Соның бәрін бір күннің ішінде өзгерту қиын. Дегенмен, адамдардың санасын, көзқарасын өзгерту керек. Ең бастысы, ол адамдар өзгерістердің не үшін жасалып жатқанын жете түсінуі тиіс. Сосын бізде осы салада үлкен бір проблема бар. Ол - теxникалық мамандардың тапшылығы. Бізге таланттар қажет. Ондай адамдарды жұмысқа тарту қиын. Өйткені жалақы көп емес. Сол себепті нағыз кәсіби мамандарды қазіргі цифрлық трансформация жұмысына тарту қиынның қиыны. Қазір Үкімет тиісті шараларды қолға алып жатыр. Оны да шешеміз деп ойлаймын", - деп атап көрсетті xолдинг басшысы.

null  

Соңғы жаңалықтар