Ескі көліктерді қабылдау басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда утилизациялау бағдарламасы аясында ескі көліктерді қабылдау жұмыстары басталды. Ол үшін республиканың 17 қаласында қабылдау бекеттері ашылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"ӨКМ (өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері) Операторы" ЖШС басқарушы директоры Рустам Темірбековтің айтуынша, жылдың аяғына дейін 10 мың көлікті қабылдау жоспары бар. Оған бюджеттен квота, яғни тиісті қаражат бөлініп отыр. Бағдарлама аясында 3,5 тоннадан аспайтын жеңіл көліктер қабылданады. Ал утилизациялық төлемнің көлемі автомобильдің теxникалық жағдайына қарай белгіленеді. Толық комплектациясына 150 000 теңге берілсе, істен шыққан көліктер үшін 48 000 теңге төленеді. Қазіргі кезде республика бойынша 17 қалада қабылдау бекеттері жасақталды.

"Ескі көлікті тапсыру үшін алдымен сол аймақта квотаның бар жоғын тексеріп алу қажет. Сондай-ақ www.avto.recycle.kz сайтынан көліктің қай санатқа жататынын білуге мүмкіндік бар. Енді, дәл қазір біз есікті бөлек, шанақты бөлек есептеп жатқан жоқпыз. Әзірше, екі-ақ категория бар. Ол - 150 және 48 мың теңгенің өтемақысы", - дейді Р.Темірбеков.

Оның сөзіне қарағанда, бағдарлама аясында ескі көлікті қабылдау бекетіне дейін жеткізу қызметі қарастырылмаған. Сондықтан көлік иесі оны өз күшімен алып келуі тиіс. Алайда кейбір жерлерде ескі көліктерді жинап, бірден қабылдау бекетіне жеткізуге ниетті кәсіпкерлер бар.

Соңғы жаңалықтар