Ескерту: Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

27-29 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. 27 қаңтарда күндіз, 28-29 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдығы - 90-100%.

27-29 қаңтар аралығында Қызылорда облысында ауа температурасы жоғарылауы мүмкін. Осыған байланысты 27-30 қаңтар күндері қар еріп, ағынды су пайда болуы ықтимал. Сырдария өзеніндегі мұз әлсіреп, өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.


Сондай-ақ, 27 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Дабылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.

Соңғы жаңалықтар