Ескерту: Қазақстанның үш облысында жел күшейеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш облысында ауа райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 қазан күні Қызылорда облысында кей жерлерде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде 1-3 градус үсік жүреді. Болжамның дөп келу ықтималдығы 90-95%.

11 қазан күні Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, солтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Болжамның дөп келу ықтималдығы 90-95%.

11 қазан күні Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Бұл күні Ақтауда да шаңды дауыл соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болатын шаңды дауыл тұрады. Болжамның дөп келу ықтималдығы 90-95%.

Соңғы жаңалықтар