Ескерту: Қазақстанның кейбір өңірінде 42 градусқа дейін аяз болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын болжамынша, 28 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсүуі ықтимал. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте 28 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда 28 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

28 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 42 градус аяз болады.

Абай облысының оңтүстік-батысында жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түнде 28 қарашада Жетісу облысында 25-29 градус аяз болады.

Қызылордада 28 қарашада жел шығыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Ұлытау облысының басым бөлігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с-ке жетеді.

Жезқазғанда 28 қарашада шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

28 қарашада Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

28-29 қарашада Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы 28, түнде 29 қарашада екпіні 23-28 м/с болады.

Тараз қаласында 28-29 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

27-29 қарашада Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса болады.


Соңғы жаңалықтар