Ескерту: Астананың кейбір көшелері уақытша электр қуатынан ажыратылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 4 қаңтар күні Астананың бірқатар көшелерінің бойындағы үйлерде электр қуаты өшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда,  Көктал-2 кенті, Ұлытау, Қызбел, Жарқайын, Бостандық, Амантоғай, Маятас, Орғай мен Шантөбе көшелерінде сағат 10:00 мен 13:00 аралығында электр энергиясын сөндіру жоспарланған. Себебі «Астана-РЭК» АҚ жаңа қондырғыны іске қосады. 

Бұдан бөлек, Пушкин көшесі бойында орналасқан 2, 2/1, 4, 6 мен 6/1 үйлерінде тоғыз сағат бойы (09:00-18:00) жарық болмайды. Ол жерде трансформаторлық қослқы станцияны жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар