Ескерту: Алматыда жауынның арты көктайғаққа ұласуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда желтоқсанда толассыз жауын жауып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синоптиктердің болжауынша, 9-10 қараған түні ауа температурасы -4 градусқа дейін төмендеп, жауынның арты қарға ұласуы мүмкін.

Сонымен қатар, сол түні көктайғақ болуы ықтимал.

Қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы коммуналдық қызметтің  табиғаттың тосын мінезіне дайын екендігін хабарлады.

«Алматылықтар мен қонақтардан жол шетіндегі автокөліктерді алуды өтінеміз. Себебі, бұл көліктер түнгі уақытта жол шетіндегі қарды тазалауға кедергі келтіріп отыр. Жол шетіндегі көліктер эвакуатормен басқа бағытқа апарылады. Қала тұрғындарына өз көлігін пайдаланбай қоғамдық көлікке отыруға кеңес береміз»,- деді басқармадан.

Қала билігі жауынды-шашынды күндері жол қозғалысында абай болуға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар