ЕСКЕРТУ: Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшуі мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ТЖД «Қазгидромет» РМК болжамын негізге ала отырып, Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін деп шұғыл ескерту жасайды.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында сәуірдің 4-7 аралығында ауа райының күрт жылуына орай қар көшкіні жүруі мүмкін», - делінген хабарламада. Осыған байланысты қалалық құтқару қызметі аталған аймақ тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертіп отыр.

Соңғы жаңалықтар