ЕСКЕРТУ: Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін
2015 жылғы 23 ақпан 13:57

ЕСКЕРТУ: Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында қар көшкіні жүру қаупі бар. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады. «Алматы облысының таулы аудандарында 23-24 ақпанда «Казгиромет» РМК №8 ескертпесіне сәйкес, жауын-шашынның қалың түсуі әрі ауа температурасының тұрақсыздығы аймақтағы тау шатқалдарында қар көшкінін тудыруы мүмкін», - деді қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, мамандар қала тұрғындары мен қонақтарын тауға шығуды кейінгі уақытқа ысыра тұруды, қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды ескертеді.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT