Ескендір Сүлейменовтің ісі: Айыпталушының адвокатының уәжі қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол апатынан көз жұмған Ескендір Сүлейменовтің ісі бойынша айыпталушының адвокаты Дмитрий Куряченко өз қорғауындағы Мұхитованың жол-көлік оқиғасы кезінде қандай жылдамдықпен қозғалғаны анықталмағанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Автокөліктің жылдамдығын сарапшылар анықтамаған. Уақыты анықталған. Десе де, оған (айыпталушыға - авт.) нақты жылдамдық режимін бұзды деген айып тағылып отыр. Бұл - оның (айыпталушының - авт.) бұзушылықтарының пунктерінің бірі. Оқиғаның логикасына сүйене отырып, адамды жылдамдық режимін бұзды деп айыптамас бұрын оның нақты қандай жылдамдықпен келе жатқанын анықтау керек», - дейді айыпталушының адвокаты сот отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

null Сонымен қатар, адвокат көз жұмған жігіттің қандай жылдамдықпен келе жатқаны анықталғанын айтып берді.

Ал оның (көз жұмған Ескендір Сүлейменовтің - авт.) жылдамдығы - 88 шақырым/сағат болған. Бұны сарапшы растап отыр. Сот істің бәрі зерттелетінін айтты. Сарапшысыз жылдамдықты қалай анықтау керектігін білмеймін. Сот сарапшының шақырылуы туралы өтініштен бас тартқанымен, сарапшыдан жауап алу мәселесінің басын ашық қалдырды», - дейді ол.

Сонымен қатар, Дмитрий Куряченко сараптама жүргізу турасында өтініш мақұлданбағанын атап өтті.null 

«Бәлкім, шығарылған қорытындыны зерттеу барысында сұрақтар туындап, сарапшы сотқа бәрібір шақырылуы мүмкін. Егер ол осы жағдайды түсіндіріп берсе, шынында да, сараптама тағайындап, істі созбалаңға салудың қажеті туындамас еді. Мен бұлай болса толық келісемін. Сондықтан, егер сарапшы өзінің есебімен сотта бізге айқындар бермесе, әрине сараптама тағайындау керек болады», - дейді адвокат.

Айта кетсек, Астана қаласының Есіл аудандық №2 сотында Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменовтің жол апатынан көз жұму жағдайы бойынша сот процесі бүгін басталған болатын.

Еске сала кетсек, осы жылдың маусымында Астанадағы жан түршігерлік жол апатында Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болған еді. Апат 22 маусым күні Астанадағы «Мәңгілік ел» даңғылы мен «Керей мен Жәнібек хандар» көшесінің қиылысында болған. Ескендір тізгіндеген мотоцикл қиылысқа шығып кеткен белгісіз көлікке соғылған еді.

Арада көп өтпей Астана қалалық ішкі істер департаменті апатқа себепкер болуы мүмкін «Hyundai» автокөлігінің иесі, 29 жастағы астаналық әйелге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ Астана қаласының Ішкі істер департаменті Олжас Сүлейменовтің немересі - Ескендір Сүлейменовті көлігімен қағып өлтірген жүргізуші Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті бастығының қызы екенін растаған.

 

Соңғы жаңалықтар