+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Ескендір Сүлейменовтің анасы: Бізге тек әділ үкім керек

2018 жылғы 24 қазан 15:04
Бөлісіңіз:
Ескендір Сүлейменовтің анасы: Бізге тек әділ үкім керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол апатынан мерт болған Олжас Сүлейменовтің немересі - Ескендір Сүлейменовтің анасы ұлына қатысты соттан тек әділ үкім күтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзіміз жайлы пікірлерді оқып отырсақ, кейбір адамдар «қазір бұлар мінекей, ұлдарының құнын айтып жатыр» деген сөздер кездесіп қалады. Олай емес! Ешқандай шығынның өтелгенін қаламаймыз. Судья бізге «материалдық шығынды айтыңыздар» дегеннен кейін ғана осылай дедік. Егер олай болса, бізге ешқандай материалдық шығынды өтеудің қажеті жоқ. Бізге тек әділетті үкім керек. Ол (айыпталушы Мұхитова - авт.) жол жүру ережесін бұзғаны үшін лайықты жазасын алсын дейміз. Болды!», - деді бүгінгі сот отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында марқұм Ескендір Сүлейменовтің анасы Лейла Сүлейменова.

Еске сала кетсек, осы жылдың маусымында Астанадағы жол апатында Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болған еді. Ескендір тізгіндеген мотоцикл қиылысқа шыққан көлікке соғылды.

Арада көп өтпей Астана қалалық Ішкі істер департаменті апатқа себепкер болуы мүмкін Hyundai автокөлігінің иесі, 29 жастағы астаналық келіншекке қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ, қалалық полиция департаменті Ескендір Сүлейменовтің мотоциклы соғылған жүргізуші Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті бастығының қызы екенін растаған.

Айта кетсек, 12 қазанда Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне қатысты сот процесі басталып, Ескендір Сүлейменов қаза тапқан жол апаты бойынша сотталушы Малика Мұхитова марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған еді.

Ал бүгінгі сот отырысында Ескендір Сүлейменовтің туыстары 14 млн теңге көлемінде өтемақы талап етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Сот, Оқиға, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT