Ескек есуден спартакиаданың үшінші күнінің нәтижелері белгілі болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда байдарка мен каноэ есуден өтіп жатқан ҚР V жазғы спартакиадасы үшінші күнінің нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы жарыс 200 метр қашықтықта өтті. Бір кісілік каноэда әйелдерден батысқазақстандық Наталья Донскова жеңімпаз атанса, Ольга Сурмина және Гүлжайна Тыныбекова екінші, үшінші орынды бөлісті. Ерлерден Тимур Хайдаров, Сергей Емельянов, Мерей Медетов жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Бір кісілік байдаркадан Тимур Хайдаров, Сергей Емельянов және батысқазақстандық Алексей Дергунов сәйкесінше алтын, күміс, қола медальға ие болды.

Екі кісілік каноэдан Сергей Токарницкий мен Иван Лукьянов озды. Оралдықтар Алексей Дергунов пен Андрей Ергучев мәреге екінші келді. Илья Голендов пен Александр Перминов үшінші орынға көтерілді.

Әйелдерден екі кісілік каноэдан Гүлжайна Тыныбекова мен Эльнура Нұрланова чемпион атанса, Дарья Корыткина мен Дильфуза Эргошканова екінші, Екатерина Сурикова мен Екатерина Рафикова үшінші орынды еншіледі.

Екі кісілік байдаркадан Инна Клинова мен София Молина озса, Дарья Разумович пен Ольга Шмелева күміс, Ирина Подойникова мен Стелла Суханова қола жүлдені қанағат тұтты.

Кеше 500 метрлік қашықтықта БҚО-дан Андрей Ергучев пен Алексей Дергунов екі кісілік байдаркада тағы бір алтын медальді жеңіп алған еді. Оған қоса А.Дергунов бір кісілік байдаркада екінші келді. Ал бір кісілік каноэда Н.Донскова қола жүлдеге ие болды.

Төрт жылда бір өтіп тұратын дәстүрлі спартакиада ертең мәреге жетіп, жарыс қорытындыланады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ескек есуден жазғы спартакиада өтіп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар