Ескек есуден Азия чемпионаты: Қазақстандықтар 2 алтын бір күміс медаль жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Өзбекстанның Самарқан қаласында байдарка мен каноеде ескек есуден 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар үш медал жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, 20 қазан күні басталған дода 25 қазанда өз мәресіне жетеді. Сондай-ақ, осы біріншілік аясында ересектер арасындағы Азия кубогы додасы да бірге өтіп жатыр.

Қазақстандық спортшылар бүгінге дейін үш медаль олжалады.null  

23 жасқа дейінгі спортшылар арасында байдаркамен 1000 метрге жарысудан Александр Медведев 2-ші орын иеленді. Ал жасөспірімдер арасындағы дәл осы бәсекеде Кирилл Тубаев чемпион атанды.

Каноешілер сынында Алтынбек Қожахметке тең келер ешкім болған жоқ. Ол 1000 метрге жарысудан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атағына қол жеткізді.

ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар