Есқали Саламатов Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қылмыстық-атқару комитеті төрағасының орынбасары Есқали Амангелдіұлы Саламатовты ІІМ басшылық құрамына таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Әкімшілігімен келісім бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне әділет полковнигі Есқали Амангелдіұлы Саламатов тағайындалды.

1971 жылы Қостанай облысы Лисаков қаласында туған.

1995 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты (2001), құқық доценті (2006).

Еңбек жолын 1994 жылдан бастап Қостанай қалалық ІІБ тергеушісі қызметінен бастады.

Әр жылдары Қазақстан Республикасының Құқық қорғау жүйесінде басшылық лауазымдарын атқарды. Сонымен қатар, құқықтық мәселелер бойынша оқытушылық (ҚР ІІМ Қостанай заң институты) және сараптамалық қызметпен айналысты.

2019 жылдың наурыз айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшесі (2017 жылдан бастап).

ІМ басшысы атап өткендей, пенитенциарлық жүйені жетілдіру - Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жол картасының бір бағыты.

«Біз барлық проблемалар туралы хабардармыз - бұл ескі колониялардың мұрасы, сотталғандарды ұстау шарттары, босатылғаннан кейін бейәлеуметтендіру, олардың құқықтарын қамтамасыз ету, азаптау фактілері, жемқорлық және басқалар. Комитет басшылығының алдында күрделі міндеттер тұр, оларды шешу қылмыстық-атқару жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатады және азаматтардың сенімін арттырады», - деп атап өтті ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстыру кезінде.

Соңғы жаңалықтар