+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Есірткіні шетелден поштамен алдырып, әлеуметтік желі арқылы сатқан екі павлодарлық ұсталды

2020 жылғы 20 мамыр 12:18
Бөлісіңіз:
Есірткіні шетелден поштамен алдырып, әлеуметтік желі арқылы сатқан екі павлодарлық ұсталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат –Жыл басынан бері павлодарлық полиция қызметкерлері есірткіге қатысты 39 қылмысты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

2019 жылы есірткіні алыс шет елдерден сәлемдеме арқылы тасымалдайтын контрабанда арнасын ұйымдастырған, есірткіні әлеуметтік желілер арқылы сатқан екі павлодарлық, 16 және 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Павлодарлық полиция қызметкерлері анықтаған есірткіге қатысты 39 қылмыстың 32 –сі есірткі сату. Бұл фактілер бойынша 27 адам жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан 243 келіден астам есірткі алынды. 109 грамм көкнәр, 237 келі марихуана, 4 келі хэш және 400 грамнан астам синтетикалық есірткілер тәркіленді.

Айта кету керек, Қазақстанда 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап есірткіні насихаттайтын және сататын интернет-сайттарға сілтемелерді таратуға байланысты қылмыстық заңға түзетулер күшіне енді. Қылмыстық кодекске есірткіні жарнамалайтын немесе заңсыз жарнамалайтын қылмыстық іс қозғалған 299-1-бап енгізілді. Ол үшін жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Егер бұл қылмысты адамдар тобы бірнеше рет, білім беру ұйымдарында немесе адамдардың көп жиналатын орындарында, өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электронды ақпараттық ресурстарды пайдаланып жасаған болса, жаза үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде белгіленеді. Сонымен қатар, заңмен бірқатар қылмыстық баптарға «электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы» деген жаңа біліктілік атрибуты енгізілді. Бұл қылмыстар ауыр және ерекше ауыр қылмыстар санатына жатады. Электрондық ақпараттық ресурстарды қолдана отырып есірткі сату 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Есірткіні өндіру үшін пайдаланылатын заттардың айналымына байланысты қолданыстағы құқық бұзушылықтар үшін жазалар да ұлғайтылды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT