Есірткіні пайда көзіне айналдырған ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды - ҚР ІІМ

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Алматы облысының полиция қызметкерлері өңірде есірткі тасымалдаумен және таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады. Топ мүшелерінің бірі біраз уақыт бұрын есірткі сақтағаны үшін ұсталды. Қылмыстық істі тергеу барысында айыпталушының ұйымдасқан топ құруға және оны басқаруға қатысы бар екендігі дәлелденді.

«Анықталғандай, Алматының 32 жастағы тұрғыны ұзақ уақыт бойы Алматы облысы Қаратал аумағында героинді сақтау, тасымалдау және сатумен айналысқан қылмыстық топтың жұмысын ұйымдастырып отырған. Басшысынан бөлек аталған топтың құрамында жеті адам болған. Олардың бәрі де қамауға алынды. Әркімге бөлініп берілген міндеттер негізінде топ мүшелерінің бірі есірткіні тасымалдаумен, енді бірі сатумен айналысқан. Тіпті есірткі сататын топты қадағалау міндеті жүктелгендері де бар»,-делінген ҚР ІІМ мәліметінде.

ҚР Қылмыстық кодексінің 235 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (бір немесе бірнеше қылмысты іске асыру мақсатында қылмыстық топты құру және басқаруға бірлесіп қатысу). Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар