Есірткіні интернет арқылы сатудың 153 фактісі тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл есірткіні интернет арқылы сатудың 153 фактісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Данияр Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мамандарымыз есірткі заттарын тарату туралы ақпаратты қамтитын сайттарды, жазбаларды, блогтарды және жарнамаларды анықтау үшін интернет кеңістігіне мониторинг жүргізеді. Есірткі заттарын заңсыз жарнамалау немесе насихаттау бойынша 76 сотқа дейінгі іс, оларды интернет арқылы өткізу бойынша 153 қылмыстық іс тіркелді. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында есірткі мен психотроптық заттардың таралуына қатысы бар 1 606 веб-сайттар, аккаунттар және басқа да ресурстар анықталып, бұғатталды», - деді департамент өкілі министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде.

Осы орайда, Данияр Оралов ата-аналарға балаларының бос уақытын қалай өткізетініне және кіммен сөйлесетініне мұқият болу қажеттігін ескертті.

«Өйткені, олар заңсыз есірткі бизнесіне тап болуы мүмкін», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар