Есірткімен күрес мәселесі «нұротандық» депутаттардың қатысымен талқыланды

None
None
Л. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясы мәжілісінде есірткімен күрес мәселесі талқыланды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі кезде өңірде нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осыған орай облыстық бюджеттен 40 миллионнан астам теңге бөлініп отыр. Соған қарамастан, есірткі қылмысы тыйылар емес. БҚО ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Төлеуғали Ерғалиевтің атап өткеніндей, тек биылдың өзінде жиырмадан астам есірткі нүктесі мен екі ұясы әшкереленді. Есірткі заттарын заңсыз өсірудің екі фактісі анықталып, сауданы қыздырған бір қылмыстық топтың жолы кесілді. Жыл сайын тәркіленген есірткі заттарының көлемі де ұлғайып отыр.

Облыс аумағында есірткіге тәуелді 1659 адам тіркелген. Аталмыш жиында есірткіге тәуелділерді медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығының директоры Ерлан Шомбалов білім саласы мекемелерінде есірткімен күрестің тиімсіз екендігіне назар аударды. Сол себепті депутаттық фракция облыстық білім, денсаулық сақтау басқармаларына прокуратура, балалар құқығын қорғау департаментімен келісе отырып, оқушы жастарды ерікті түрде наркологиялық тестіден өткізу мүмкіндігін қарауды ұсынды. Бұл дерттің алдын алу үшін ақпараттық-насихат жұмысын ширату, емдеуден өткендерді жұмысқа орналастыру мәселелері де қозғалды.

Соңғы жаңалықтар