+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Есірткіге қарсы стратегия бойынша жұмыс жоспарын қабылдау керек - ҚР Президенті

2019 жылғы 14 маусым 13:54
Бөлісіңіз:
Есірткіге қарсы стратегия бойынша жұмыс жоспарын қабылдау керек - ҚР Президенті

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Есірткіге қарсы стратегияны жүзеге асыру бойынша жүмыс жоспарын қабылдау да маңызды. Бұл туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер кеңесінің 19-отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бішкектен.

"Өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі де барынша өзекті. ШЫҰ-ның серіктес елі Шри-Ланкадағы осы жылдың сәуірінде орын алған теңдессіз теракт БҰҰ қамқорлығымен жаһандық лаңкестікке қарсы коалиция құру жөніндегі қазақстандық бастаманың өзекті екендігін дәлелдейді. Қазақстанның БҰҰ Бас ассамблеясының 73-сессиясында ұсынған терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі кодексі халықаралық терроризмге қарсы күресте өзінің маңызды рөлін атқарады", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жаһандық желідегі терроризм проблемасы да алаңдаушылық тудыратындығын және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды талап етіп, ШЫҰ-ның ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруға түрткі болатындығын баса айтты.

"Есірткіге қарсы стратегияны жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарын қабылдау да маңызды деп санаймыз. Біз ШЫҰ хатшылығының БҰҰ қамқорлығымен жұмыс істейтін есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен кооперацияны тереңдету күш-жігерін қолдаймыз. Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы аймақтағы есірткі қаупіне қарсы әрекет ету бойынша бірлескен шаралар үшін тұғырнама бола алады деп есептейміз", - деді Қ.Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT