Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 368.28 EUR 419.21
RUB 5.59 CNY 53.08
Jańalyqtar

Есірткіге қарсы халықаралық «Канал-Красный бархан» операциясы өтті

2018 жылғы 15 қыркүйек 17:50 735
Бөлісіңіз:
Есірткіге қарсы халықаралық «Канал-Красный бархан» операциясы өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Елімізде есірткіге қарсы халықаралық «Канал-Красный бархан»  операциясы өтті. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше-мемлекеттер есірткіге қарсы бөлімшелерінің, сонымен қатар Иран Ислам Республикасы мен Қытай Халық Республикасының қатысуымен өткен шараға 22 мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда есірткіге тәуелді адамдардың саны 35%-ға азайған - ІІД Қазақстанда есірткіні бақылау орталығы ашылуы мүмкін

Ал олардың өзара әрекеттесуі мен үйлестіру іс-әрекеттері Шымкент қаласында құрылған Халықаралық үйлестіру штабында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Операцияға бақылаушы ретінде Еуропалық одақ, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі Еуразиялық топ, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі Өңірлік  басқармасы, ОАӨАҮО халықаралық ұйымдардың қызметкерлері шақырылды.

Айта кетейік, «Канал-Красный бархан» операциясының негізгі міндеттері - апиынның контрабанда арналарының жолын кесу мен трансұлттық есірткі топтарының қызметін, есірткі кірістерін заңдастырудың алдын алу және заңсыз айналымнан қару-жарақтар, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тәркілеу. Сондай-ақ Қызылорда облысында қарасораны заңсыз өсіруге және Жамбыл облысында жабайы өсетін қарасораны дайындауға қарсы әрекет ету қарастырылған. Бұл жолы шараны өткізуге 4 «Тигр» брондалған автокөліктері, 6 бірлік «Багги» сыныпты, 15  -тен астам жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктері, МИ-171Е тікұшағы тартылды. Арнайы операция шеңберінде ҚР ІІМ «Дельта-Долина» бөлімшесінің аумағында Қазақстан және Қырғызстан ІІМ кинологиялық қызметтерінің бірлескен жаттығулары, қызметтік-іздестіру иттерінің көрнекі өнер көрсетулерімен өткізілді.

Есірткіге қарсы халықаралық «Канал-Красный бархан» операциясы өтті 
Есірткіге қарсы халықаралық «Канал-Красный бархан» операциясы өтті 

Операция нәтижесінде атсалысқан мемлекеттер аумағында заңсыз айналымынан 9 тонна есірткі, оның ішінде 5 тонна апиын, 38 кг героин, 2 тонна синтетикалық есірткілер, 800 кг гашиш және 830 кг марихуана тәркіленді. 115 бірлік қару-жарақтар, 2,5 мыңға таяу оқ-дәрілер, 127 мың АҚШ доллар сомасынан астам материалды бағалы заттар мен басқа да заттар алынды. Сондай-ақ  719 есірткі қылмыстары ашылып, 7 мыңға тарта қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз операциялар үшін 500 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 


Есірткіге қарсы халықаралық «Канал-Красный бархан» операциясы өтті 
Есірткіге қарсы халықаралық «Канал-Красный бархан» операциясы өтті 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT