Есірткіге елтіген күдікті туысқан қарындасын зорлап, пышақтап өлтірді

None
None
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы қаласының тәртіп сақшылары 22 жасар бойжеткенді өлтірді деген күдікпен бұрын есірткі қылмысы үшін сотты болған жәбірленушінің туысқан ағасы, 30 жасар жергілікті тұрғынды құрықтады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Келеңсіз жағдай былай өрбіген: қанды оқиға орын алғаннан бірнеше күн бұрын күдікті жәбірленушінің ата-анасының үйінде қонақта болған көрінеді. Ұсталған азамат таңертең иттерді тамақтандырып келейік деген сылтаумен бойжеткен қарындасын жеке меншік көлігіне отырғызып алады да үйіне қарай жол тартады.

«Үйінің ауласына кірген бетте есірткіден көзі қарауытқан күдікті жәбірленушіні тарпа бас салып, зорлайды да, қылмысының ізін жасыру мақсатында туысқан қарындасын пышақтап өлтіреді. Мәйітті ол өз үйінің жанындағы қарға көміп тастаған»,-деді ресми өкіл. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар