+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Есірткіге елтіген көлік жүргізушісі жолаушы тасымалдаған - СҚО

2021 жылғы 23 қаңтар 17:40
Бөлісіңіз:
Есірткіге елтіген көлік жүргізушісі жолаушы тасымалдаған - СҚО

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында есірткі тұтынып, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан көлік жүргізушісі 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болды Страсбургте қоғамдық көлік балалар үшін тегін болады Жамбыл облысында қызметтік ит 38 жастағы әйелдің сарайынан есірткі тапты

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан орталығы Тайыншада патрульдік полиция қызметкерлері қолында рұқсат құжаттары болмаса да жолаушы тасымалдап жүрген Фольксваген гольф автомобилінің жүргізушісін тоқтатқан. 32 жастағы жергілікті тұрғын медициналық куәландырудан өтті. Нәтижесінде оның есірткі тұтынғаны анықталды. Материал сотқа жіберіледі, құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы және алдағы 7 жылда көлік құралын басқаруға тыйым салынуы мүмкін.

СҚО-да 20-22 қаңтар күндері полицейлер «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның мақсаты - жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тәртіп сақшылары автобус және такси жүргізушілерін назарға алды.

«Үш күн ішінде олардың тарапынан 241 заң бұзушылық тіркелді. 21 қаңтарда Петропавлда екі автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар Назарбаев және Чкалов көшелерінде белгіленген жерден жолдан өтпек болған жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда, шешім қабылдауға уақыт қалдыру үшін жылдамдықты бәсеңдету керектігін еске саламыз», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ, полицейлер маневр жасау ережелерін бұзудың 44 фактісін ашты. Көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлескен 46 жүргізуші анықталып, 16-сы жоспарлы тексеруден өте алмады, 9-ы жылдамдықты асырған. Автобус паркінің үш лауазымды тұлғасы бағдарға техникалық ақауы бар көліктерді шығарғаны үшін жауапқа тартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT