+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Есірткі жарнамасын орнатқан компания 750 мың теңге айыппұл төлейтін болды

2019 жылғы 20 қараша 20:11
Бөлісіңіз:
Есірткі жарнамасын орнатқан компания 750 мың теңге айыппұл төлейтін болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда есірткі жарнамасын билбордқа орнатқан компания 750 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда есірткіні жарнамалаған көше суретшісі қамауға алынды Граффити жазбалар арқылы есірткі жарнамалаушы күдіктілер ұсталды – ҚР ІІМ Рудныйда қызметтік иттің көмегімен синтетикалық  есірткі тәркіленді

Қалалық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасынан хабарлағандай, «Наружная реклама» ЖШС өкілі ҚР ӘқбК 423-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бап бойынша заңды тұлғаларға 300 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

«Сонымен қатар, жарнамаға тапсырыс берген тұлға анықталды. Ол Қарағанды қаласының тумасы боылп шықты. Бұл ақпарат Қарағанды облысындағы әріптестерімізге тапсырылды. Күдікті Қазақстанның 4 облысы Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Өскемен қалаларында билбордтарға тапсырыс берген. Қазір Алматыдағы екі билборд бұзылды», - деді қалалық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов.

Айта кету керек, бүгін әлеуметтік желіде тұрғындар есірткі саудасы жарнамаланған баннерлерге наразылық білдірді.

Алматы әкімдігі бұл баннерлердің қалай пайда болғанын түсіндірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT