+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Есірткі жарнамасы бар баннерді орналастырушы делдал Қарағандыда ұсталды

2019 жылғы 21 қараша 15:15
Бөлісіңіз:
Есірткі жарнамасы бар баннерді орналастырушы делдал Қарағандыда ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері есірткі таратушы сайттың QR коды бар жарнамаға кім тапсырыс бергенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда есірткінің жасырын жарнамасы бар 8 баннер анықталды Алматыда есірткіні жарнамалаған баннердің қалай пайда болғанын әкімдік түсіндіріп берді

Полиция қызметкерлері тапсырыс берушімен қатар, сенім жүктелген тұлғаны, Алматы қаласындағы дайындаушы фирманы, сондай-ақ осы баннерлерді Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Өскемен қалаларында орналастырған заңды тұлғаларды анықтады.

«Қазіргі уақытта делдал қамауға алынды. Процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Баннер жарнамаларын орналастырған заңды тұлғалар үшін әкімшілік хаттамалар дайындалды. Бұл – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау» туралы 423-бабы», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыда екі баннер орналастырған жарнама жасаушыға 300 АЕК немесе 757 мың 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

Еске сала кетсек, бұған дейін полиция қызметкерлері есірткіге жарнама жасап, баннер ілгендерді іздеп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Ал, Алматыда есірткіні жарнамалаған баннердің қалай пайда болғанын әкімдік түсіндіріп берді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда күдікті QR код бейнеленген баннерлер алынып тасталды.

ІІМ Қазақстанда есірткінің жасырын жарнамасы бар 8 баннерді анықтады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Есірткімен күрес, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT