Есірткі жарнамалаған Алматы колледждерінің студенттері ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы есірткі заттарын заңсыз жарнамалаған үш колледж студенттерін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Студенттер «Допинг» есірткі заттарын таратудың алдын алу шарасы барысында анықталған.

«Біздің қызметкерлер «Скорость - Papa Hais Operator» деген жазумен есірткі және психотропты заттарды жарнамалады деген күдікпен үш колледж студенттерін ұстады. Олар Әуезов ауданындағы үйлердің қабырғаларына трафарет және қара түсті спрей-бояулармен есірткі туралы ақпараттар жазып отырған. Студенттерге әр жазу үшін 500 теңге төлеу уәде етілген», - деді қалалық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әлмағамбетов.

Тәртіп сақшылары есірткі туралы ақпараттарды көрген жағдайда полицияға «+7 708 300 0611, +7 776 088 8820 нөмірлеріне) бірден хабар беруді сұрайды. Сонымен қатар, полиция ата-аналарға бұл ақпаратты  балалардың оқуына жол бермеуге кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар