+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Есірткі жарнамалаған 740 сайт бұғатталды

2021 жылғы 21 маусым 13:15
Бөлісіңіз:
Есірткі жарнамалаған 740 сайт бұғатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синтетикалық есірткі героинді нарықтан ығыстыра бастаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі саудалаушы ұсталды

«Астанадағы психикалық денсаулық орталығы маманының ақпараты бойынша, бүгінде герионге тәуелді нашақорлар сирек кездесетін болған. Қазір көбіне синтетикалық есірткіге тәуелді науқастар көп түседі. Оның көбі ауыр әрі терең психоз дертіне және орталық жүйке жүйесінің салдануына шалдығады», - дейді маман.

Оның айтуынша, мұндай есірткіні сатушылар интернеттің әлеуетін түгел пайдаланып жүр.

«Біз өз жұмысымызда есірткі жарнамасымен күреске басымдық беріп отырмыз. Заңнамадағы түзетулер бойынша бұл әрекеттер ауыр және аса ауыр қылмыс түріне жатқызылған, өмір бойы бас бостағандығынан айыруға дейін ұзақ мерзімді жаза қарастырылған.Биыл 5 айда есірткі саудасымен байланысты 105 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Оның 56-сы жарнамамен, 49-і интернет сатумен байланысты», - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ол заңнама арқылы 89 психикалық активтің заттың атауын тиісті нормаларға енгізу арқылы белгілі синтетикалық есірткінің бәрін құқықтық алаңға шығару мүмкін болғанын еске салды.

«Осының арқасында 2018-2020 жылдар аралығында тәркіленген синтетикалық есірткі көлемі ондаған есе артты. Үш жыл бұрын 5 келі тәркіленсе, 2020 жылы 96 келі тәркіленді. Жыл басынан бері ғана 41 келі синтетикалық есірткі тәркіленіп, есірткімен байланысты 529 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 219 синтетикалық ерсіткі сату, 48 сақтау фактісі анықталды. Есірткі жарнамасын таратқан 740 сайт бұғатталып, 10 зертхана жабылды. Ол жерден 15 келіден астам дайын есірткі, 35 литр қосалқы сұйықтық табылды», - деді Бақытжан Әмірханов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT