Есірткі затын тасымалдағаны үшін Алматы тұрғыны 10 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Есірткі затын заңсыз тасымалдағаны үшін Алматы тұрғыны 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, 2015 жылы 2 тамызда Әлмұхамбетов Жамбыл обласының Байзақ ауданының Қызыл Жұлдыз ауылында жалпы салмағы 2 келіден асатын есіртке заты марихуананы белгісіз тұлғадан сатып алған. Кейін оны сату мақсатында көлігінің орындығының астына жасырып, Алматы қаласына жол жүрген. Келесі күні Әлмұхамбетовтің айдап келе жатқан көлігін полиция қызметкерлері тоқтатқанда, оның ішінен жоғарыда айтылған есірткі заты табылған.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.Әлмұхамбетовті ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (есіртке заттарының заңсыз айналымы) айыпты деп тауып, мүлкiн тәркiлей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар