Есірткі заттарын сатқан атыраулық сотталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау тұрғыны есірткі заттарын сақтап, өткізгені үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қаласының №2 сотында сотталушы П.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

«Сотталушы П. ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдакүнемдік мақсатта, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезіне тұра, қасақана 1 дана сіріңке қорабына оралған, жалпы салмағы 5,97 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтап, Ю.-ға 5 000 теңгеге заңсыз өткізген. Сөйтіп, сотталушы П. қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекетін жасаған», - деп хабарлады Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінен.

Сот отырысында сотталушы П. мен оның қорғаушысы  кінәні мойындау туралы процестік келісімді жасауға ерікті түрде ниет білдіріп, іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді және іс-әрекеттің саралануын дауламайтындарын, тағайындалатын жазамен келісетіндіктерін көрсеткен.

Айта кетелік, сот үкімімен сотталушы П. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар