Есірткі тасымалдап жүріп, қолға түсті - Қарағанды

None
None
 ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 27-жастағы есірткі заттарын тасымалдаушы азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері полиция лейтенанты Жамбыл Нұрғалиевпен қатардағы полиция қызметкері Оңғарсын Иманғалиев 20 қазан күні өзіне жүктелген аумақта қызмет атқару барысында Қарағанды қаласының Құрылысшылар көшесінде күдік туғызған азаматты байқаған. Ол полиция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап бере алмай, сөзінен жаңылып, тәртіп сақшыларынан қашуға әрекет жасаған. 27 жастағы ер адамды тергеу барысында 42 дана пакетке оралған есірткіге ұқсас заттар тәркіленіп алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабы 1 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар