Есірткі саудасы үшін халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ШҚО-да ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында есірткі саудасы үшін халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үржар ауданының тәртіп сақшылары ресейлік құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген 48 жастағы ер адамды қолға түсірді. Ресей Федерациясының азаматы 2013 жылдан бері есірткі сатқаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

«Қылмыскер ауылдағы туысының үйінде жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері одан жауап алып жатыр», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жалпы өңір полицейлері «Іздестіру» жедел-алдын алу шарасы барысында іздеуде жүрген 29 қылмыскерді ұстады. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 16 адамның, оның ішінде кәмелетке толмаған 5 баланың орналасқан жері анықталды.


Соңғы жаңалықтар