Eсірткі саудалаған ауыл тұрғыны ұсталды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан ауыл тұрғыны 10 жылға дейін мерзімге сотталуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша есірткі бизнесімен күрес бөлімшесінің қызметкерлері Ақкөл қаласында 26 жастағы жергілікті тұрғынды 18,9 грамм «марихуана» сату кезінде ұстады.

Тексеру барысында күдіктінің сыртқы киімінің қалтасынан қағаз бумаға салынған сұр жасыл түсті есірткіге ұқсас зат табылып, сараптамаға жіберілді.

Қазіргі кезде, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, үстінен ҚР ҚК 297 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталмыш санкция бойынша күдіктінің мүлік тәркілене отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Айта кету керек, өткен жылы облыс полицейлері салмағы 769 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеген. Биылғы жылдың басынан бері барлығы 3 келі есірткі заты заңсыз саудадан алынды.

Соңғы жаңалықтар