Есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыптылар қолға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы есірткі сатумен айналысып келген ерлі-зайыптыларды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Қалалық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысындағы әріптестерімен біріге отырып «Канал - Красный бархан» операциясы аясында  Алматыға жеткізілетін есірткі каналын әшкереледі.

«Осыған байланысты 46 жастағы ер адамды сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам гашиш саудалаумен айналысқан. Ол тауарды сіріңке қорабында бөлшектеп сатқан. Полиция оның есірткіні қайдан алатынын анықтады. Жүргізілген тексеру барысында 44 жастағы ер адам ұсталды. Ол көршілес Жамбыл облысынан есірткі жеткізумен айналысып келген. Ер адам тауарды алып келуге Жамбылға кеткенде, оның орнына 41 жастағы жұбайы есірткіні бөлшектеп, сатып отырған. Бастапқыда ұсталған ер адам «сенімді сатып алушылардың» бірі болғандықтан, келіншек үйінде ері жоқ кезде есірткіні оған сатқан», - деді қалалық ІІД басқарма басшысынің міндетін атқарушы Нұрлан Мошқалов.

Қазіргі таңда есірткі саудасының көрігін қыздырғандардың барлығы қамауда.

«Оларды тінту кезінде жалпы алғанда 6 келі 209 грамм есірткі заты тәркіленді. ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәсі дәлелденген жағдайда олар 10-15 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін», - деді Мошқалов.

Соңғы жаңалықтар