Есірткі сататын шетелдік сайттар бұғатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы есірткі және психотроптық заттар сататын 6 шетелдік сайтты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайт арқылы есірткі саудасы қалай жүретінін тұтынушылардың өздері айтып берген. Ақша төленгеннен кейін бақылау камерасы жоқ, ел сирек жүретін құпия орындарға «тауар» жасырылып, кейін мекенжай сайт арқылы сатып алушыға жолданып отырған.

«Мұндай тәсіл ТМД-нің өзге елдерінде де кең тарап отыр. Аталмыш сайттардың барлығы Қазақстан аумағында бұғатталды», - делінген қалалық прокуратура таратқан ресми ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар