Есірткі дайындаумен айналысқан топ ұсталды - Жамбыл облысы

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында есірткі дайындаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды. Олардан 149,6 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 қазан күні түнгі сағат 2:00 шамасында «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі дайындауды кәсіп еткен 5 күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Т.Рысқұлов ауданы Қызыл-Шаруа ауылы, »Құлдыбай« учаскесінің маңында жабайы сораны жинау және дайындау кезінде Жамбыл облысының бес тұрғыны ұсталып, олардан 149,6 келі марихуана және сораны кесу үшін екі орақ тәркіленді», - делінген ведомство мәліметінде.

Бүгінгі таңда күдіктілер кінәсін толық мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалған. Факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар