+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Есімов «Самұрық-Энерго» мен «Интер РАО» арасындағы мәмілені аяқтауды тапсырды

2019 жылғы 19 қыркүйек 18:02
Бөлісіңіз:
Есімов «Самұрық-Энерго» мен «Интер РАО» арасындағы мәмілені аяқтауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласында «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Б. Жоламанов Қор басшысына ағымдағы жағдай жөнінде баяндады. Атап айтқанда, Б.Жоламанов биыл ақпан айында Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің тұрақты деген бағасын атап өтті.

Бұдан басқа, «Самұрық – Энерго» АҚ Басқарма төрағасы биыл сәуірде Шардара АҚ № 2 гидроагрегатын пайдалануға берудің маңыздылығын атап өтті.

Ахметжан Есімов «Самұрық – Энерго» АҚ басшылығының назарын электр энергия экспортының төмендеуіне аудартты.

Сондай ақ, объектілерді жылу маусымына дайындау қажеттігіне назар аударды. Жиын соңында Қордың Басқарма төрағасы бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде ресейлік «Интер РАО» компаниясының үлесін сатып алу жөніндегі келісімді тездетіп аяқтау керегін айтты.

Сонымен қатар, Екібастұз ГРЭС-2 № 3 блогының құрылысын жеделдету, электр энергиясы экспортын ұлғайту перспективасын пысықтау қажеттігі айтылды. Қор басшысы компанияны жекешелендіру қарсаңында қойылған міндеттерді орындаудың ерекше маңыздылығын атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Самұрық-Қазына ҰӘҚ, Ресей,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT