Есімов Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазынаның» атқарған жұмыстары туралы есеп берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының биылғы екі айда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есеп берілді және Қордың даму стратегиясын жүзеге асыру аясындағы жоспарлары жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының компанияларын IPO-ға шығару және Қор активтерін жекешелендіру үдерістері жөнінде мәлімделді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар