Есімов Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысына орден табыс етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ХКБ Бас хатшысы Виссенте Лоссерталеске ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыстады.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің хабарлауынша, марапаттау рәсімі Парижде Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 162-сессиясы аясында өткен.

Астанада өткен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің қорытындылары туралы ұлттық компания басшысы баяндама жасап: «Біздің алдымызда 100-ден астам ел мен жеті халықаралық ұйымның қатысуын қамтамасыз ету, келушілердің санын екі миллионнан асыру және ауқымды шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру сияқты негізгі үш міндетті шешу мәселесі тұрды. Баршаңызға белгілі, ЭКСПО-ға 115 ел мен 22 ұйым қатысты», - деді Ахметжан Есімов.

Бұдан тыс, келушілер саны жоспардағыдан екі есе артық болып, 4 миллионға жуықтады. Қазақстанның «Нұр Әлем» ұлттық павильонының өзіне 1 миллион 300 мың адам келген. «Бүгін біз алдымызға қойған міндеттерді мінсіз атқарып, мақсаттарымызға жеттік деп мақтанышпен айта аламыз. Күш бірлестіре отырып біз жоғары технологиялар мен тиімді энергетика аумағын құра алдық», - деді ұлттық компания басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, ЭКСПО Қазақстанның экономикалық өрлеуіне серпін берді. Көрмеге дайындалу мен оны өткізу ІЖӨ көрсеткішін 4,3%-ке арттырды. Тауар өндіру көлемі 70%-ке, туристік қызметтерге деген сұраныс 78%-ке артты.

ЭКСПО-2017 көрмесінің басталуына дейін нысандарды көрме мұрасы ретінде сақтап, қалалықтардың сүйікті туристік аймағын құру туралы шешім қабылданды. 11 қарашада «Нұр Әлем» ұлттық павильоны, Үздік тәжірибелер аймағы, екі тақырыптық павильон және Арт-орталық есігін қайта ашты.

Соңғы жаңалықтар