Есімдері аңызға айналған боксшылар Головкиннің стиліне сүйсінуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -    Есімдері аңызға айналған боксшылар: Майк Тайсон, Шугар Рэй Леонард, Эвандер Холифилд, Шейн Мозли және Фредди Роуч қазақстандық Геннадий Головкиннің бокстасу стиліне сүйсінетіндерін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG-дің ресми парақшасында әлемдік бокс жұлдыздарының жылы лебіздері туралы видео орналастырылды.

Еске салайық, кеше «WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы «GGG феномені» деп аталатын жаңа деректі фильм шыққан болатын.

Головкин 2017 жылғы алғашқы кездесуін 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Мэдисон Сквер Гарден спорт кешенінде (36-0, 33 КО) Даниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) өткізеді.  Қазақстандық боксшының промоутері Том Лёффлер аталмыш айқасқа билеттердің сатылым қарқынына таңданысын білдірген еді.  

Головкин биыл сондай-ақ, мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен, Мэнни Пакьяомен, Андре Уордпен немесе Сергей Ковалевпен 
кездесетіні күтілуде.

Соңғы жаңалықтар