Есіл жағалауындағы «Самал» шағын ауданы қалай салынды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада салынған ең алғашқы нысандардың арасында «Самал» шағын ауданының орны ерекше. Шағын ауданның аумағында көппәтерлі тұрғын үйлерден бөлек, «Astana Tower» бизнес орталығы да өзіндік сәулеттік мәртебеге ие. Осы жерде салынған нысандар елордаға келбетті көрік беріп, шаҺардың гүлденуіне өзіндік үлес қосты.

null«Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтының мәліметіне сүйенсек, «Самал» шағын ауданын түбегейлі жоспарлау жобасын 1996 жылы жергілікті «Ақ Орда» сәулет фирмасы әзірледі. Үйлердің екі түрінің көлемдік шешімін жұмыс жобасын әзірлеген түрік фирмасының өкілдері ұсынған болатын. Бұл ықшам аудан үйлерінің алдыңғы бөліктерінде ашық түстерді қолданумен Есіл өзені жағалауындағы құрылыстардың қайталанбас бейнесі көрсетілген. Аталған үйлердің құрылысы 1997 жылы басталды, олар Алматыдан көшіп келген мемлекеттік қызметшілердің отбасыларына табыс етілді.

nullКейінірек Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразия жүрегінде» атты танымал кітабында «Самал» шағын ауданының құрылысына егжей-тегжейлі тоқталып өтеді.

null null«Келетін мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасылары үшін тұрғын шағын аудан салуға зор көңіл бөлінді. Мұндай алғашқы шағын ауданды салуға арналған орын таңдау бойынша ұсыныс көп болды. Болашақ құрылыс үшін қазір «Самал» шағын ауданы орналасқан жер мейлінше қолайлы деп табылды. Дегенмен нақ осы ауданда құрылыс салуға қарсылар аз болмады. Батпақ, қамыс, ғимарат өзенге құлап кетеді десті. Бірақ әкім мен Астана сәулетшілері өз дегендерінде тұрды. Мен оларды қолдадым, осы учаскені құрылыс салуға бөлдік. Сөйтіп, жаңа елорда картасында Астананың ең бір көрікті, келбетті тұрғын шағын ауданы салынды. Оған «Самал» деген әдемі де айшықты ат берілді. Кейін Әділбек Жақсыбеков қазіргі «Самал» аумағына құрылыс салуға қарсы болғандардың шын себебін айтып берді. Бұл ара Ақмоланың барлық үлкен дәрежелі шенеунігінің ит қыдыртатын жері болып келген екен. Сөйтіп, осындай ыңғайлы жерден айырылғылары келмепті. Ит, әрине, адамның досы. Бірақ, дегенмен, адамның проблемасы төрт аяқты хайуанның проблемасынан маңыздырақ қой», - деп еске алды Елбасы өз кітабында.

nullСонымен қатар осы кітапта Мемлекет басшысы «Самал» шағын ауданында орналасқан құны 33 миллионға жуық доллар тұратын «Astana Tower» бизнес орталығын Түркияның АВS орталығы қаржыландырғанын атап өткен.

nullНақтырақ айтқанда, бүгінде «Астана Тауэр Ишлетме» компаниясы Астана қаласындағы «А» санатты ең ірі және заманауи Бизнес орталықтарының бірі  -  «Astana Tower» Бизнес орталығының иесі болып табылады. «Astana Tower» Бизнес орталығы елшіліктердің, халықаралық ұйымдардың, банктер, мұнай, газ  және құрылыс компанияларының кеңселерін орналастыруға арналған қолайлы орын. Кешеннің жалпы ауданы 22 632 шаршы метр.

null«Astana Tower» әлемдік стандарттарға сәйкес технологиялармен салынып, заманауи үлгіде тұрғызылған ғимарат. Қалада биік еңселі бой көтерген және ғажайып көріністерді паш ететін 21 қабатты кеңсе ғимараты және үлкен 2 қабатты сауда орталығында «Рамстор»  гипермаркеті және «Есіл» фитнес орталығы орналасқан. Бұдан басқа кешенде: фуд-корт «Ақбозат», мейрамхана, Gloria Jean's Coffees кофейнясы, сұлулық салоны, әуекасса, әуетурагенттік, нотариус, ақша айырбастау пункті және банк бар. Осылайша, ол күн сайын қала тұрғындары мен қонақтарына көптеп келетін нысандардың бірі болып отыр. 

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар