Есіл тұрғыны баласына кинотеатры бар ойын-сауық орталығын салып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Есіл қаласының тұрғыны Галина Масеева өзінің ұлы мен қаладағы барлық балалардың арманын орындады.

Ол мұнда алғашқы кинотеатр мен ойын-сауық орталығын ашты, деп хабарлайды 24.kz.

Бұрын есілдіктер көңіл көтеру үшін 400 шақырым жердегі облыс орталығына қатынап жүрді. Галинаның айтуынша, ол алғашқыда шаштараз ашқысы келген, бірақ Қостанайға демалысқа барып келген баласының 3D кинотеатрына баруды армандап жүргенін көрген соң бұл мақсатын кейінге қалдырды.

Оның бұл идеясы кәсіпкерлерді қолдау қоры мен алған 5,5 млн. теңге көлеміндегі несиенің арқасында жүзеге асты.

Орталық жақында ғана ашылғанымен, ол түрлі жастағы көрермендердің сүйікті демалыс орнына айналды. Жазға қарай мұнда жаңа тосынсыйлар - бассейндер, батуттар және велосипедтерді жалға беру қызметі пайда болады.

«Даму», одан несие алу мүмкіндігі туралы естіп қалдым да, кинотеатр ашуға байланысты дайындаған құжаттарымды өзгерттім. Ұлымның арқасында барлық істі тындырып тастадым. Балалар келуде, барлық аналар алғыстарын жаудыруда... Жасөспірімдер де көп қыдырады, кешқұрым ересектер келіп жүр»,- дейді Галина Масеева.

Соңғы жаңалықтар