Есіл өзенінің жағасында тегін автотұрақ пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Есіл өзенінің бойындағы «Гранд Алатау» ТК жанында тегін автотұрақ пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа автотұрақта 37 орны бар және онда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де көлік орны белгіленген.

Көлік қоятын орын сол маңдағы аулалардағы жүргізушілер жүктемесін жеңілдетуге арналды.

«Сонымен бірге, тұрғындарға жайлы болу үшін автотұрақ жанында қосымша орындықтар, шағын сәулеттік формалар және күн панелімен жұмыс істейтін шамдар орнатылды. Мұның барлығы түнгі уақытта тұраққа жарық түсіру және астаналықтардың уақытын тиімді етіп өткізуі үшін жасалған», - деп жазылған әкімдік сайтында.

Соңғы жаңалықтар